Ссылки доступа

Өзбекстанда нан зауытының жұмысшылары жалақы талап етті


Здание предприятия хлебопродуктов «Асака дон махсулотлари».

"Асака дон махсулотлари" нан өнімдерін әзірлейтін кәсіпорынның жүзден астам жұмысшысы 23 қаңтарда таңертең жұмысты уақытша тоқтатып, жалақы берешегін төлейді және оны өсіруді талап етті.

Комбинаттың диірмен цехында бригада басшысы болып істейтін Феруза Мамаджанова басшылыққа бірнеше талап қойылғанын айтты.

"Жүзге жуық адам айлықты өсіруді, оны уақытылы төлеуді талап етті. Бас бухгалтер қазір ақша жоқтығын, бірақ апта соңында болып қалуы мүмкін екенін айтты. Сосын біз жаңа басшының кеңсесіне бардық, бірақ ол орнында жоқ болып шықты. Жұмысшылар талаптарын инженерге жеткізді", - деді Феруза Мамаджанова.

Кәсіпорын айлықты өткен жылдан бері төлемеген. "Бізге желтоқсан айының айлығы берілмеді. Жұмысшылардың барлығының дерлік несиесі бар. Үйлерінде жейтін тамақ жоқ. Жаңа директор біздің талабымызды тыңдауға шықпады", - деп ренжіді жұмысшы.

Есесіне кәсіпорын басшылығы милиция шақыртқан. "Адамдар осы аптаның аяғына дейін айлық түседі деген уәдеден соң ғана тарады".

XS
SM
MD
LG