Ссылки доступа

Белсенділер Қытайдан келген оралмандарға тезірек азаматтық беруді сұрайды (видео)


Қазақстанда Қытайдан көшіп келіп, белгілі себептермен азаматтық ала алмай жүрген бірнеше мың адам бар. Осылай деп "Ел-аманат" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ырысбек Тоқтасын мәлімдеді.

Оның сөзінше, қазір ұйымда оралман куәлігінің мерзімі өтіп кетуіне байланысты азаматтық ала алмай жүрген 3 мың 200 адамның тізімі бар.

"Мұндай азаматтардың саны бұдан көп болуы мүмкін. Себебі, біз қолымызға түскендерді ғана тізімге алдық. Оралман куәлігінің мерзімі өтіп кетуіне бірнеше себеп бар. Негізгісі - кезінде оралмандардан келген елінен сотталмаған деген анықтама әкелуді талап ететін. Ондай анықтама алу қиын. Ол анықтаманы аламыз деп жүргенде оралмандардың Қытай паспортының мерзімі өтіп кеткен. Ал енді Қытайға барайын десе, ұсталып қаламыз деп қорқады", - дейді Ырысбек Тоқтасын.

Осыны ескеріп, Ырысбек Тоқтасын биліктен мемлекеттік комиссия құрып, жеңілдікпен әрі тездетіп азаматтық алуды заңдастыруды сұрайды.

Қазақстанда этникалық қазақтарға азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен беруді қарастыратын заң жобасы биыл мамыр айында парламент мәжілісінің қарауына енгізілмек.

XS
SM
MD
LG