Ссылки доступа

АҚШ тәлібтермен келіссөзде ілгерілеу барын растады


Залмай Халилзад
Залмай Халилзад

АҚШ өкілдері "Талибан" радикалды қозғалысы жетекшілерімен Ауғанстанды бейбіт реттеу жөніндегі соңғы келіссөз әлдейқайда тиімді өткенін мәлімдеді.

Катарда өткен келіссөз жөнінде АҚШ-тың Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Залмай Халилзад Твиттер парақшасына жазды. Бірақ ол әзірге барлық сұрақтар бойынша бір шешімге келе қоймағанын айтады.

Осыған дейін халықаралық агенттіктер "Талибан" қозғалысына сілтеме жасап, АҚШ пен тәліб өкілдері Катарда алдын ала бейбіт келісімге келді деп хабарлаған. Бұл 18 жыл бойы Ауғанстанда жүрген Америка әскерінің миссиясын аяқтауына әкелуі мүмкін деген.

Келіссөз барысында "Талибан" қозғалысы Ауғанстанды "Әл-Каида" мен "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына мүдделері үшін пайдалануға мүмкіндік бермеу қарастырылған. Олар сонымен Ауғанстан билігімен бейбіт келісімге келуді де талқылап жатыр. Егер аталған келісімнің бәріне қол жеткізсе, АҚШ әскері 18 айдың ішінде Ауғанстаннан шығуі тиіс.

XS
SM
MD
LG