Ссылки доступа

Тәжік генералдары әскери киімдерін шетелде тіктіреді


Алтын жіппен, ерекше матадан шетелде тігілген әскери киімдер... Тәжік генералдарының мұндай салтанатты киімдері мың доллардан қымбат тұрады.

Жарты жыл бұрын Тәжікстанның ішкі істер министрлігі киім үлгілеріне байқау жариялаған. Жаңа әскери киімдр биыл наурыз айында ел президенті Эмомали Рахмонға көрсетіледі.

Тапсырыс мемлекет бюджеті есебінен төленеді. Ал жоғары лауазымды офицерлер салтанатты киімдерге өздері тапсырыс беріп, ақысын қалталарынан төлейді.

Соғды облысындағы кәсіпкердің айтуынша, оның тігін цехы офицерлердің бас киімін ғана дайындайды. "Генералдар салтанатты киімдерін шетел ательелерінде тіктіреді", - деді ол.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, тәжік генералдары Мәскеудегі Лилия Ким ательесіне жиі тапсырыс береді. Оның айтуынша, шетелде тігілген генерал формасы шамамен 100 мың рубль (1500 доллар), кейде 250 мың рубль тұруы мүмкін.

XS
SM
MD
LG