Ссылки доступа

Қырғызстан "Мегаком" операторын сатпайтын болды


Қырғыз үкіметі "Мегаком" ұялы операторы брендімен танымал "Альфа Телеком" ЖАҚ-ын сатпайды. Бұл туралы Азаттыкқа компанияның бас директоры Акылбек Жамангулов хабарлады.

"Ел президенті Сооронбай Жээнбеков пен премьер-министр Мұхаммедкалый Абылгазиев компанияны мемлекет меншігінде қалдыру туралы саяси шешім шығарды. Біз үлгілі компания құру үшін үлкен жұмыстар атқарып жатырмыз", - деді ол.

Жамангуловтың айтуынша, бес жылда компаня мемлекетке шамамен 15 млрд сом (214 млн доллар) дивидент, салықпен қоса есептегенде шамамен 20 млрд сом төлеген. Оның айтуынша, жыл сайын "Мегакомнан" мемлекетке түсетін пайданы 20-30 пайызға көтеру жоспарланған.

"Мегаком" Қырғызстандағы үш ірі мобильді операторлардың бірі.

2015 жылдан бері үкімет компанияны үш мәрте сатуға талпынды, бірақ оған қызыққан инвесторлар табылмады. Үкімет компанияны 13,5 миллиард сомға бағалаған.

XS
SM
MD
LG