Комитет мәліметі бойынша, салық жеңілдігін алған кәсіпкерлер елу қоғамдық әжетхана салған.
Өткен жылы туризм комитеті әжетхана тұрғызатын кәсіпкерлерге салық жеңілдіктері қарастырылғанын хабарлаған. Бұл хабарламаны әлеуметтік желі қолданушылары мен блогерлер әжуаға айналдырған.
Бұған қоса комитет шетел туристріне жақын маңдағы әжетхананы табуға көмектесетін UzFinder мобильді қосымшасын іске қосатынын хабарлаған. Бірақ мұндай қосымшаның жүзеге асқаны туралы ақпарат жоқ.
Ресми мәлімет бойынша, өткен жылы Өзбекстанға 5 миллион турист келген. Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге көп.