Ссылки доступа

Тәжікстанның әділет министрі Худжанд колониясындағы бүлікке қатысты сұраққа жауап бермеді


Рустами Шомурод

Тәжікстанның әділет министрі журналистердің Худжандтағы №3/3 колониядағы бүлікке қатысты сауалдарына жауап беруден бас тартты. Бүлік өткен жылы 8 қарашада тіркелген.

28 қаңтарда баспасөз конференциясын өткізген әділет министрі Рустами Шомурод бұл іспен Бас прокуратуар айналысып жатқандығын, сол себепті бүлік туралы ақпарат бере алмайтынын айтты.

Түрмедегі бүліктен қанша адам қаза тапқаны туралы сұраған журналистерге ол бұл сауалға бұған дейін елдің сыртқы істер министрі мәлімдеме жасаған деп жауап берді.

Еске салайық, өткен жылы 22 қарашада Тәжікстан СІМ басшысы Брюссельде өткен баспасөз конференциясында түрмедегі бүліктен 12 адам қаза тапқанын, олардың барлығы ИМ мүшелері болғанын мәлімдеген.

Дегенмен басқа да дереккөздер бүлік кезінде кем дегенде елу адам қаза тапқанын айтып отыр.

Худжандтағы оқиғадан екі аптадан соң Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон бірқатар шенеуніктерді жұмыстан босатты. Колонияның жеті қызметкері істі болды.

XS
SM
MD
LG