Ссылки доступа

Контрабандашылар Өзбекстаннан 3,5 млн доллар алып шықпақ болған


Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚҚ) қызметкерлері Қырғызстанға 3,5 млн долларды алып шықпақ болған екі оқиғаның жолын кескен. Бұл жөнінде "Өзбекстан-24" каналы хабарлады.

Хабарда айтылғандай, Ферғана – Жоғарғы Вуадил тас жолында "Нексия" маркалы көлікті тексеру үшін тоқтатқан. Тексеру барысында 56 жастағы Қырғызстан азаматынан 1,7 млн доллар табылған.

Осы оқиғадан кейін көлік жүргізушісінің үйінен қосымша 1,7 млн доллар тапқан.

Бұл ақшаны олар Ташкенттен Қырғызстанға контрабандалық жолмен алып өтпек болған.

Қазіргі кезде күдіктілерге қарсы қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG