Ссылки доступа

Тәжікстан үкіметі "Сангтуда-1" ГЭС-тің акцияларын сатып алмақ


"Сангтуда-1" ГЭС-і

Тәжікстан үкіметі халықтан "Сангтуда-1" гидро электр станкциясының (ГЭС) акция пакеттерін сатып алғысы келеді деп мәлімдеді елдің қаржы министрлігі.

1996 жылы таяуда құрылған "Сантгуда" ашық акционерлік қоғамы акциясының бірінші эмиссиясы шыққан. Бір акцияның құны бастапқыда - 3 мың сомони немесе 10 доллар тұрған. Сол кезде 500 мың долларға акция сатылды деп хабарланған. Бұл қаржы "Сангтуда-1" ГЭС-ін салуға жұмсалған.

Қаржы министрлігі жанындағы құнды қағаздар жөніндегі мекеме хабарлағандай, Тәжікстан үкіметі былтыр жылдың аяғында халықтан акция пакетті сатып алу жөнінде шешім қабылдаған. Ол үшін үкімет 10 млн сомони (1 млн-нан астам) бөлді деп хабарлайды дереккөз.

Акцияны сатып алу "Амонатбанк" арқылы жүзеге аспақ.

"Сангтуда-1" ГЭС-і СССР құлағаннан кейін, постсоветтік елде салынған алғашқы гидро электр станциясы.

Құрылыс жұмысы 2005-2009 жылдар аралығында жүріп, 4 жылға созылған. Ресей инвестициясы 16 млрд рубльді құрады. Алғашқы гидроагрегат 2008 жылы істей бастады. "Сангтуда-1" ГЭС-інен электрді жалғыз сатып алушы әзірге "Барки Точик" компаниясы.

Аталған ГЭС-те Ресейдің үлесі 75 пайыз минус 1 акция, ал Тәжікстан үлесі — 25 пайыз, плюс 1 акция.

XS
SM
MD
LG