Ссылки доступа

Қырғызстан мемлекеттік қарыз лимитін ІЖӨ-ге шаққанда 70 пайызға өсірмек


Қырғыз үкіметі елдің мемлекеттік қарыз лимитін ІЖӨ-ге шаққанда 70 пайызға дейін өсірмек. 28 қаңтарда қырғыз парламенті Бюджеттік кодекске өзгертулерді мақұлдады. Бұл жөнінде парламенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қаржы министрі Бақытгүл Жээнбаева ЕАЭО жөніндегі келісімге сәйкес бюджеттің тапшылық деңгейі ІЖӨ-ден 3 пайыздан аспауы керек деп түсіндірді.

Депутаттар сауалына ол қазіргі уақытта 70 пайыз тиімді көрсеткіш деп жауап берді.

Бастамашылардың пікірінше, лимитті көтеру бюджет заңын жетілдіруге әкеліп, халықаралық талаптарға жақындатады.

Қаржы министрлігінің 2018 жылдың 30 қарашасындағы мәліметі бойынша, Қырғызстанның мемлекеттік қарызы 4 млрд 477 млн долларды құраған немесе ІЖӨ-ге қатынасы 58 пайыз. Мемлекеттік қарыздың 85,7 пайызы сыртқы, 14,3 пайызы ішкі қарызды құрайды.

Негізінен Қырғызстан Қытайдың экспорттық-импорттық банкіне - 1,71 млрд доллар қарыз.

XS
SM
MD
LG