Ссылки доступа

Ашхабад пен Лебаптағы көлдерде балық аулауға тыйым салынды


Незаконная продажа каспийской осетрины, Туркменистан, август 2018.
Незаконная продажа каспийской осетрины, Туркменистан, август 2018.

Қаңтар айынан бастап Түркіменстан астанасы маңындағы көлдерде балық аулауға тыйым салынды.

"Жұмысы жоқ адамдар балық аулайды. Шабаққа да қанағат тұтады. Бірақ балық қалмады. Бұрын балық өсіруге жағдай жасайтын. Уылдырықтарды арнайы су қоймаларында өсіретін", - деп хабарлады Азатлыктың Түркіменстандағы тілшісі.

Лебап уәлаятындағы тілшінің хабарлауынша, Түркіменстанның шығыс өңірлерінде де балық аулауға тыйым салынған. Бұл аймақта тоғандар мен көлдерде балықау аулауға тыйым 2013 жылы бес жылға енгізілген.

Елде балық шаруашылығы Каспий теңізі жағалауында кең тараған. Амудария өзені мен Қарақұм каналында балықшылар көп.

Елде азық-түлік тапшы болған уақытта, халық балық аулауға шыққан. Бірақ оған да тосқауыл көп.

XS
SM
MD
LG