Ссылки доступа

Өзбекстанда прокурор генерал Шарифхожаевқа өмірлік жаза сұрады


Өзбекстанның Әскери сотында жабық өтіп жатқан процесте мемлекеттік айыптаушы соттан генерал Хаёт Шарифхожаевты өмірлік түрме жазасына кесуін сұрады.

Бұрынғы Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің 52 жастағы генералына "қызмет бабын асыра пайдаланды", "қылмыстық топ құрды", "алаяқтық жасады", "кісі азаптады", "жазықсыз адамды қылмыстық жазаға тартты" деген айыптар тағылған.

Еске салайық, Шарифхожаев өткен жылы 30 наурызда ұсталды.

2015 жылы көктемде оған қарсы қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған, сол жылы ол қызметінен алынған.

Дереккөз мәліметі бойынша, генерал Хаёт Шарифхожаев пен оның інісі полковник Жавдат Шарифхожаев Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы Гүлнара Каримованы "қанау науқанын" басқарған. 2013 жылы желтоқсанда түріктің "Хурриет" басылымына сұхбат берген Каримова ағайынды Шарифхожаевтар жемқорлықпен айналысады деген.

XS
SM
MD
LG