Ссылки доступа

Душанбеде 22 қабатты Халықаралық көрме орталығы ашылады


Тәжікстан астанасында 22 қабатты Халықаралық көрме орталығы ашылады. Бұл туралы 29 қаңтарда Құрылыс комитетінің төрағасы Жамшед Ахмадзода хабарлады.

Оның айтуынша, орталықта екі үлкен көрме залы болады. Ғимараттың қалған қабаттарында жергілікті және халықаралық ұйымдардың кеңселері ораналасады. Мұнда қонақ үй ашылады.

Ахмадзоданың айтуынша, орталық астанадағы автовокзалдың қасынан шамамен 5 гектар жерге салынады.

Алтын ала жоба бойынша, орталық құрылысына 200 млн сомони (шамамен 21 млн доллар) қажет. Жобаға қытай және үндістандық компаниялар қызығушылық танытты.

XS
SM
MD
LG