Ссылки доступа

Бішкекте Қытайға қарсы митингке шыққан әйел екі айға қамалды


Қытай азаматтарының заңсыз миграциясына қарсы митингке шыққан Гүлжамила Сапаралиева екі ай абақтыға қамалды. Мұндай шешімді 25 қаңтарда Бішкектегі Бірінші мамыр аудандық соты шығарды. Бұл туралы митинг ұйымдастырушы Аманбол Бабакулов хабарлады.

Сапаралиева наразылық акциясы барысында этникалық, ұлттық және ұлтаралық араздық туғызды деген күдікке ілінді. Ол 17 наурызға дейін абақтыда отырады. Аманбол Бабакулов 28 қаңтарда куәгер ретінде шақырылған.

Қытай азаматтарының заңсыз миграциясына қарсы митинг 17 қаңтарда "Ала-Тоо" алаңында өтті. Тәртіп бұзғаны үшін 21 адам ұсталды. Оларға 3 мың сом (шамамен 45 доллар) айыппұл салынды.

XS
SM
MD
LG