Ссылки доступа

Магнитогорскідегі жарылыстан кейін қырғыз азаматының азапталғаны тексеріліп жатыр


Ресейдің Челябинск облысының тергеу басқармасы Магнитогорскідегі тұрғын үйдің жарылғанына қатысы болуы мүмкін деп ұзақ уақыт тексерілген 29 жастағы қырғыз азаматының азапталу фактілерін зерттеп жатыр.

Тергеу қызметі жәбірленуші мен әйелі азапталғанын теріске шығарып жатыр дейді.

Бірақ Челябинск облысының прокуроры Виталий Лопин жәбірленушінің денесінде ұрып-соққаннан пайда болған жарақаттар барын айтады.

Магнитогорскіде полиция қырғыз азаматы Хуснидин Зайнабидиновті қамауға алып, оны азаптағаны жөнінде өткен аптада әйелі Халимахон хабарлаған. Зайнабидиновті 16 қаңтарда ұстап әкеткен. Оған бейтаныс, сақалды ер адамдардың суреттерін көрсетіп, мәліметтер сұраған. Ол әйеліне полиция өзін тұрғын үйдің жарылысына күдікті ретінде қарап жатқанын айтқан. Өзін полиция өкілдері алты сағат бойы ұстап, ұрып-соққанын айтқан.

Ресей ІІМ баспасөз қызметі Зайнабидиновтің жарылысқа қатысы бары тексерілмегенін мәлімдеді. Бірақ азаптауға қатысты пікір білдірмеді.

Құқық қорғаушы Бахром Хамроев Зайнабидиновтің қазір қамауда екенін, оны Қырғызстанға экстрадициялау мәселесі қаралып жатқанын айтады. Қырғызстанда Зайнабидиновке 2010 жылы Оштағы ұлтаралық қақтығысқа қатысты деген айып тағылған.

31 желтоқсан күні таңертең Магнитогорскіде тоғыз қабатты тұрғын үйдің бір пәтері жарылып, бір подъезі тұтас қирап қалды. 39 адам мерт болған. Құқық қорғау органдары тұрмыстық газ жарылды деген болжам айтады. Алайда Ресейдің біраз ақпарат құралы жеке дереккөздеріне сілтеме жасап, бұл теракт болуы мүмкін деген ақпарат таратты. "База" басылымы күдікті ретінде Магнитогорск тұрғындары Махмуд Джумаев, Алишер Каимов және Алмир Абитовты атаған.

XS
SM
MD
LG