АҚШ елшілігі хабарлағандай, Тәжікстан шекарашыларына шекара учаскелерін үнемі бақылауды қамтамасыз ететін құрлықтық радар жүйесін тапсырған.
«АҚШ Тәжікстанмен оның егемендігін қорғау, қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде ынтымақтасып келеді. Бұл АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік стратегиясының басты міндеттерінің бірі. Онда Орталық Азия елдеріндегі қауіпсіздік мәселесі аса маңызды екені айтылған. Ауғанстанның гүлденуін, саяси дамуын қалайды», - делінген америкалық дипломатиялық миссияның мәлімдемесінде.
Құрама Штаттар Тәжікстанмен 27 жыл бойында тығыз қарым-қатынаста. Осы жылдар аралығында Америка түрлі бағдарламалар арқылы Тәжікстанның дамуына 1,8 млрд доллар жұмсаған екен.