Ссылки доступа

Өзбекстанның Жоғарғы соты түрмеде бес жыл отырған арнайы қызмет өкілін ақтады


Өзбекстанның ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкері, бес жыл түрмеде отырған Мутабар Гафурова ақталып шықты деп хабарлайды елдің «Адам және заң» басылымы.

Капитан Мутабар Гафурова Қоқан қаласы бойынша арнайы қызметте істеп, 2009 жылы зейнетке шыққан екен. Алайда ұлттық қауіпсіздік қызметінің Ферғана аймақтық бөлімшесінің басшысымен жанжалдасып қалғаннан кейін, оған қарсы қылмыстық іс қозғалған.

1965 жылы туған Мутабар Гафурова 2009 жылдың аяғында ұлтараздық, нәсілдік және діни араздық туғызды деген айыппен, жеті жылға бас бостандығынан айырылады. Сонымен бірге мемлекеттік құпияны жариялады деп айыпталады.

Бес жыл өткеннен кейін, 2015 жылы Гафурова рақымшылыққа ілініп, бостандыққа шығады. 2017 жылы ол Бас прокуратураға өзінің кінәсіздігін айтып, ақтауын сұрап, үндеу жариялайды.

2018 жылдың қаңтарында Бас прокуратура Мутабар Гафурованы ақтайды. Жоғарғы соттың апелляциялық алқасы сот шешімін жояды.

Ол "капитан" атағын қайтарып алады, зейнетақы төлене бастайды. Мұнан бөлек жәбірленушіге сегіз жыл бойы төленбеген зейнетақысын төлеу жөнінде шешім шығады. Оған 103 млн сум (12,5 мың доллар) өтемақы төленетін болды.

XS
SM
MD
LG