Ссылки доступа

Тәжікстан мен Ауғанстан Ресейдің ИМ тобы туралы мәліметті теріске шығарды


Душанбе и Кабул отрицают перебороску боевиков "ИГ" на афгано-таджикскую границу
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:46 0:00

Тәжікстанның шекара әскері басқармасы тәжік-ауған шекарасында ешқандай "Ислам мемлекеті" (ИМ) террористік ұйымның содырлары жоқ деп мәлімдеді. Екі ел шекарашыларының ақпарат алмасуы орнына қойылған, егер қауіп төніп тұрсе, бірінші кезекте Тәжікстан білуші еді дейді.

"Тәжік-ауған шекарасында ИМ-нің содырлары анықталмады. Шекарада жеткілікті әскер күші бар. Қосымша әскер мен техника әкелудің қажеттілігі жоқ", – деді Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара әскерінің баспасөз хатшысы Мухаммад Улушходжаев.

Ауған дереккөзі де елдің солтүстігіне содырлар жайғасып жатыр деген ақпаратты теріске шығарады.

Осыған дейін Ресейдің ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Зубов "ИМ содырларын белгісіз тікұшақтармен Пәкістаннан Тәжікстан шекарасына жеткізіп жатыр. Ондағы босқындарды басып, Ресейге қарай ығыстыру мақсатында жаппай арандату әрекеттері жүруі мүмкін" деп мәлімдеген.

"Құндызда Тәжікстанмен шекарада Ауғанстан үкіметінің қарсыластары тұр деген алып-қашпа әңгіме тарады. Сонымен бірге олардың арасында Тәжікстан үкіметіне қарсы топтың барын да айтқан. Бірақ Тахар елді-мекенінде олар әлі бар. Алайда тікұшақпен содырларды тасыды деген әңгімені естімедік. Ауғанстанның солтүстігінде ИМ-нің белсенділері ешқашан байқалған емес. Онда тек тәлібтер бар", - деді Азаттықтың Ауған қызметінің тілшісі Аджмал Ариан.

XS
SM
MD
LG