Ссылки доступа

Хабиб Нұрмагомедовті тоғыз айға жарыстан шеттетті


Ресейлік ММА атлеті Хабиб Нұрмагомедов тоғыз айға жарыстан шеттетілді. Невада штатының Атлеттер комиссиясы осындай шешім шығарды.

Бұған спортшы мен оның командасының Абсолютті жекпе-жек чемпионаты (UFC) титулы үшін ирналд КОнор Макгрегормен 2018 жылы 7 қазанда болған кездесуде төбелес шығаруы себеп болды.

Ресейлік атлет бұған қоса 500 мың доллар айыппұл тқлейді. Хабиб буллингке қарсы акцияларға қатысса, оның жаза мерзімін алты айға қысқартуы мүмкін.

Конор Макгрегорды да жарыстан шеттетті, бірақ ол алты ай жекпе-жек өткізе алмайды және 50 мың доллар айыппұл төлейді. Комиссия Хабибтің бауыры Абубакар мен спарринг-әріптесі Зубайра Тухуговты да жазалады: бұл екеуі бір жыл жарысқа қатыспайды және 25 мың доллардан айыппұл төлейді.

Дисквалификация мерзімі 6 қазаннан басталады.

Как Дагестан отмечал победу Хабиба Нурмагомедова над Конором Макгрегором
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:25 0:00

XS
SM
MD
LG