Ссылки доступа

Бекабадтағы мектепте қазандық жарылып, бір адам қаза болды


Өзбекстанның Бекабад қаласындағы №1 орта мектепте 28 қаңтарда қазандық жарылды. Соның салдарынан қазандық маңында жұмыс істеп жүрген ер кісі қаза тапты, тағы екі адам жараланды.

47 жастағы Толмас Эрназаров мектеп қазандығы маңында балалар алаңына арналған жол салып жүрген. Оның ауылдасы Бахром Расулов жарылыс салдарынан жараланып, Бекабад қалалық ауруханаға түсті.

"Біз қазандықтан он метр жерде жұмыс істеп жүрген едік. Бір кезде жарылыс болды. Толмас қатты жараланып, ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Оның артында бес баласы қалды", - деді Бахром Расулов.

Қалалық прокуратура қызметкерінің хабарлауынша, алдын ала болжам бойынша, мектептегі қазандық табиғи газдың бөлмеде көп жиналып қалуынан жарылуы мүмкін. Жарылыс болған уақытта қазандық орналасқан бөлмеде ешкім болмаған.

XS
SM
MD
LG