Ссылки доступа

Қырғызстанда енді жемқорлық туралы айтқандарға, сыйақы беретін болады


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков "Коррупциялық заң бұзушылықты хабарлаған адамды қорғау жөніндегі" заңға қол қойды.

Қырғыз президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2018 жылдың 20 желтоқсанында парламент қабылданған заң коррупциялық заң бұзушылықты жеткізген адамдардың құқығы мен еркіндігін қорғауға бағытталған. Сонымен бірге қудалаудан сақтайды. Заң мемлекет пен оның құрылымдарына сенімді нығайтуға арналған деп атап өтеді.

Заңға сәйкес, жемқорлық жөнінде хабарлаған адамға сыйақы төленеді.

Бір жыл бұрын, сол кездегі қырғыз президенті болған Алмазбек Атамбаев заң жобасында қайшылықтар көп, қайта өңдеуді қажет етеді деп, парламентке қайтарған болатын.

XS
SM
MD
LG