Ссылки доступа

Туған анасында алты жыл кепілде болған. Алматыда қызын қорлаған ананың ісі қаралып жатыр


Алматыда кәмелетке толмағандардың ісін қарайтын сотта 14 жастағы Дианаға қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Анасы оны алты жыл бойында қорлап, пәтерінен шығармай, қамауда ұстап келген.

Әйел таныстарына қызының Ресейде, әжесінің қолында тұрып жатқанын, сонда мектепке баратынын айтқан. Шын мәнінде осы жылдар бойы қызын жатақхана бөлмесінен шығармай ұстаған. Үйіне қонақ келгенде, қызын шкафқа тығып қойған. Сот процесі жүріп жатқан кезде, ол қаладан кетпеу туралы қолхат жазған.

Қазір қыз анасының құрбысының үйінде тұрып жатыр. Қазір оны "мама" деп атайды екен. Сот залында Диана туған анасының алты жыл бойында қалай қинап ұстағанын баяндап берді. Түнде еденде ұйықтап келген екен. Бір күні анасының соққысынан жан сақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Ол енді ғана мектепке бара бастаған.

"Дианадан сұрау алды, ол өзін өте лайықты ұстады. Ол қазіргі өміріне риза. Қазіргі анасы Надяны жақсы көреді. Одан басқан оған ештеңе керек емес. Денсаулығы жақсы", – дейді #ҮНСІЗҚАЛМА қорының жетекшісі Дина Смаилова.

Бұл оқиғаны қазақстандықтар бірінші рет 2011 жылы, Диана жансақтау бөліміне түскен кезде естігін. Ол кезде оны туған әжесі балдағымен ұрды деген. Осы оқиғадан кейін әжесін немересімен араластыруға тыйым салып, тіптен Ресейге депортациялаған.

Бірақ осыдан кейін де Диана мектепті баруды доғарған. Анасы Анна Иванованың құпиясы бір күні ашылып қалады. Оның алыс танысы Надежда Борсукова Аннаның жағдайының ауыр екенін біліп, азық-түлік алып, үйіне барады. Сол кезде Дианамен танысады.

"Еденде үйіліп жатқан шүберектер қимылдай бастады. Мен шошып кеттім. Арасынан қыз шықты. Ол Диана екен", – дейді Надежда Борсукова. Қазір Диана Надежданың үйінде тұрып жатыр.

Анасы Аннаның айтуы бойынша, бірер күн бұрын қызы Ресейден келген. Сонда әжесінің қолында оқиды. Бірақ Надежда Борсукова мұндай жағдайда Диананы қалдырмау керек деп шешеді. Оның үстіне ортақ Әлия деген танысы Аннаның Дианадан құтылғысы келетінін айтып қалған. Надежда Диананы асырап алады.

Диананың туған анасы 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG