Ссылки доступа

Шавкат Мирзияев Ислам Каримовтің туған күні құрметіне Самарқанда ас берді


30 қаңтарда Өзбекстанның барлық аймағында елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің туған күні құрметіне еске алу шаралары өтті.

Өзбекстан президенті баспасөз қызметі хабарлағандай, ел басшысы Шавкат Мирзияев Ташкенттегі Ислам Каримов ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Самарқандағы сүйегі жатқан «Хазрати Хизр» кесенесіне барып, дұға оқыған. Шараға сонымен бірге ел ақсақалдары, жастар, қоғам қайраткерлері қатысқан.

Астанада, облыс орталықтарында тұңғыш президентті еске алу кештері өткен.

Мирзияевтің 2017 жылдың 25 қаңтарында шығарған қаулысына сәйкес, тұңғыш президенттің туған күні жыл сайын атап өтілуі тиіс.

30 қаңтарда Ислам Каримов 81 жасқа толушы еді. Өзбекстанның тұңғыш президенті 2016 жылдың қыркүйек айында, 78 жасында көз жұмды.

XS
SM
MD
LG