Ссылки доступа

Құрама Штаттарға қатты аяз келді


Мичиган өзенінің жағалауы, Чикаго, Иллинойс штаты, 29 қаңтар, 2019 жыл

АҚШ-та метеорологтар қатты аяздың болатынын ескертті. Елдің кейбір аудандарында ауа райы -53 Цельсий градусқа дейін түсуі мүмкін. Қазірдің өзінде қатты суықтан үсіп, алты адамның қаза болғаны айтылады.

Күн райының күрт суытуына Солтүстік полюстан келген салқын ауа себеп болған.

Арктикалық суық өтетін штаттарда 55 млн адам тұрады. Тұрғындардың көбінің үйі мұндай аязға арналмаған. Синоптиктер сыртта 10 минөт тұрғанның өзінде қатты үсік шалуы мүмкін деп ескертіп жатыр.

Елдің Висконсин, Мичиган, Иллинойс, Алабам жана Миссисипи штаттарында төтенше жағдай енгізілді. Бұл штаттарда қалың қар түсуі мүмкін.

АҚШ бойынша мыңнан астам ішкі әуе рейстері уақытша тоқтатылды. Кейбір қалаларда үйсіз адамдарды жылытатын арнайы орындар ашылды.

Метеорологтар күн райының бірден суып кетуін Солтүстік полюстің жылынуымен түсіндіреді. Бұл жылу Мароккодан келген. Осының салдарынан суық ауа оңтүстікке ауысқан. Ғалымдардың пікірінше, ғаламдық жылынудың салдарынан қыс қатты аяз болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG