Ссылки доступа

Ашхабад көлік саласын жекешелендіру жоспарын жариялады


Түркіменстан көлік саласының көп бөлігін жекешелендіру жоспары туралы мәлімдеді.

Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедовтің 30 қаңтарда қабылдаған қаулысына сәйкес, мұндай жекешелендіру ел экономикасындағы бәсекелестікті арттыруды, шағын және орта кәсіпті қолдауды көздейді.

Президент әділет министрлігіне тиісті заң жобасын әзірлеуге үш ай уақыт берді.

61 жастағы Бердымұхамедов 2006 жылы автократ Сапармұрат Ниязов қазасынан соң билікке келді. Үкіметті сынаушылар мен адам құқықтарын қорғаушылар елде билік ауысқанымен, қатаң шектеулер өзгерусіз қалды деп есептейді.

XS
SM
MD
LG