Ссылки доступа

Қырғызстанда төрт мыңнан астам адамға рақымшылық жарияланады


Парламент депутаты Исхак Масалиев Қырғызстанда амнистия жүргізуді ұсынды. Рақымшылық Адам құқықтары декларациясының 70 жылдығы мен 1938 жылғы саяси репрессияға 80 жыл толуына орай жүргізіледі.

Заң жобасына сәйкес, рақымшылыққа 4 мың 172 адам ілігеді. 285 адам бостандыққа шығады, қалғандарының түрмедегі жаза мерзімі қысқарады.

Амнистияны парламент қолдаған жағдайда, мына адамдарға рақымшылық жасалады: 5 жылға дейін мерзімге сотталған кәмелет жасқа толмағандар; 60 жастан асқан ер азаматтар, 55 жастан асқан әйелдер; I және II топ мүгедектері; отбасының жалғыз асыраушысы, мүгедек балалары барлар; аса ауыр емес қылмысты алғаш рет жасағандар.

Заң жобасы бірінші оқылымда дауысқа салуға жолданды.

XS
SM
MD
LG