Ссылки доступа

Тәжік абақтысында кейуананы суицидке баруға итермелеген милиция қызметкерлері жұмыстан босатылды


Истад Курбонова
Истад Курбонова

Соғды облысы Айни ауданының ішкі істер бөлімінің үш қызметкері жұмыстан босатылды. Бұған 70 жастағы Истад Курбонованың жергілікті тергеу абақтысында өзіне қол жұмсауға талпынғаны себеп болды.

Бұл туралы 30 қаңтарда Тәжікстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Умарджони Эмомали хабарлады.

Кейуана тергеу абақтысында өмірмен қоштасуға талпынған. Оны жер учаскесін заңсыз басып алды деген айыппен ұстаған.

"Милиция қызметкерлері Идибой Зиёев, Саидали Арбобов және Абдукодир Гаффоров жұмыстан босатылды, ал Шариф Мирзошарифов пен абақтының екі қызметкеріне қатысты аудандық прокуратура тексеру жүргізе бастады", - деді министрліктің ресми өкілі.

12 қаңтарда Истад Курбонова өзін өртеуге талпынып, сол күні ауруханаға түсті. Қазір ол үйінде емделіп жатыр.

XS
SM
MD
LG