Ссылки доступа

Левада-центр: Ресей теріс бағытпен кетіп барады


Ресейліктердің тең жартысынан астамы елі дұрыс емес бағытқа қарай кетіп барады деп есептейді. Бұл туралы мәліметтерді 31 қаңтарда “Левада” әлеуметтану орталығы жариялады. Әлеуметтанушылардың айтуынша, осыған дейінгі сауалнаманың жауабы дәл осындай болған емес.

Ресейліктердің 42 пайызы ел саясатын қолдаса, 45 пайызы биліктің іс-әрекеті мүлдем дұрыс емес деп есептейді. 12 жылда бірінші рет “Левада” орталығы жүргізген сауалнамада "ел тура бағытта жүріп бара жатқан жоқ" деп есептейтіндер басым болған.

Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев үкіметінің беделі жайында да сұралған. Дені үкімет жұмысына көңілі толмайды. Респонденттердің 64 пайызы Мемлекеттік Думаның жұмысын қолдамайды.

Ресей президенті Владимир Путиннің қызметін үштен екісі қолдаса, қалғандары оның саясатына қарсы.

XS
SM
MD
LG