Ссылки доступа

Азия: Ресейге қашу және Тәжікстандағы ақылы жолдар (жинақ)


Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз. Сонымен бірге Директ коллекциясындағы кез-келген видеоны пайдалана аласыздар.

- Азия: Ресейге қашу және Тәжікстандағы ақылы жолдар. Тәжік милиционерлері тыр-жалаңаш шешінуге мәжбүрлеген әйел Ресейден баспана сұрады. Тәжікстандағы бірқатар жолдар жыл аяғына дейін ақылы болады. Бішкектегі орыс драма театрында заңсыз түнгі клуб жұмыс істейді. (видео Настоящее время)

- Қазақша буллинг: депутаттар мектептегі әлімжеттікті доғаруды талап етті. (Видео Директ)

- Ауызсудың орнына - еріген қар. Павлодар облысындағы Пограничник ауылының тұрғындары қарды ерітіп ішіп отыр. (видео Қазақстан)

- "Зұлмат" фильмін көруге келгендер залға симай қалды. Фильм авторы "Қазақстандағы ашаршылық геноцид ретінде мойындалуы тиіс" дейді. (видео)

- АҚШ-та ауа райына байланысты төтенше жағдай жарияланды. АҚШ-тың Висконсин, Мичиган, Иллинойс штаттарында қатты аяз салдарынан төтенше жағдай жарияланған. (видео)

- Президент сыны орынды ма? 30 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаев министрлердің жұмысын сынап, "қорқақсыңдар" деп сөккен. (видео)

- Азия: алты жыл анасының тұтқынында болған. Анасы қызын алты жыл тұтқында ұстаған. Назарбаев министрлерді қорқақ деп атады. (видео Настоящее время)

- Алматыда кәмелет жасқа толмаған қызына күн бермеген әйелді соттап жатыр.(видео Директ)

- «Билік құпиясы». Депутат Эльвира Сурабалдиеваның жансыры. (видео Директ)

- Дефиле қыздарды күйеуге мәжбүрлеп беруге қарсы. Қырғызстанда ұлттық киімдердің сән үлгісін таныстыру өтті. Науқан қыздарды мәжбүрлеп күйеуге беруге қарсы ұйымдастырылды. (видео Қырғызстан)

- Қайырымдылық автобусы тоқтап қалуы мүмкін. Қырғызстанда алты жыл бойы қайырымдылық автобусы тамақ таратты. Автобустың тозығы жеткен. (видео Настоящее время)

- "Шешім қабылдарда аяқ-қолдарың қалтырайды". Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет жиынына қатысып, Қазақстандағы банктердің жұмысы, халықтың табысы, еңбекақыны дұрыс төлемейтін кәсіпорындар туралы айтты. (видео)

- "Медицинаны дамытамыз, жолдарды саламыз". (видео)

- "Банктерді неге халықтың ақшасымен құтқару керек?". (видео)

- Бухарестегі әскери зират және мұз үстінде балық аулау. (фотокөрме)

- Қырғыз-қазақ шекарасындағы атыс. Қырғызстан ішкі істер министрлігі жанжалдың контрабандаға қатысты екенін мойындады. ( видео Настоящее время)

- Transparency International коррупция деңгейіне қатысты жылдағы баяндамасын жариялады. (видео Настоящее время)

- Ешқандай қоқыс емес! Бішкекте тағам қалдықтарынан газ өндіріп жатыр.(видео / Қырғызстан)

- Димаш Құдайберген: Қытай қазақтарының жағдайы жүрегіме ауыр тиді​.(видео)

- "Жемқорлық жайлы күнде естиміз, үйреніп кеттік". Transparency International (TI) халықаралық ұйымының 2018 жылға арналған Жемқорлық индексінде алдыңғы жылмен салыстырғанда екі орынға төмендеген Қазақстан қазір 124-орында тұр.(видео)

- Қазақстанда оқушылар арасында әлімжеттік деңгейі өскен. (видео Настоящее время)

- Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш конституциясы. (фотокөрме)

- Төбелестен қаза болған оқушы жерленді. Ақтөбе облысының Шалқар қаласында оқушы өліміне байланысты "адам өлтіру"бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. (видео)

- Премьера. Қария мен теңіз. Азаттық Асылхан Мамашұлының "Қария мен теңіз" фильмін ұсынады. Қайта оралған Кіші Арал үміт отын жақты ма? Ақпанның 1-і күні Астана уақытымен 19:00-де көріңіз. Премьерадан көз жазып қалмаңыз! (видео)

- Оралман қазақтар неге Қазақстан азаматтығын ала алмай жүр? (видео Настоящее время)

- Түркіменстан азаматы Түркиядан депортациялануы мүмкін. Рустем Юсуповты 23 қаңтарда Стамбулдың көші-қон қызметі ұстады. Ол Түркіменстаннан 2007 жылы көшіп кеткен. (видео)

- Газ құбырының үстіне түскен тәжік ауылының тұрғындарынан көшуді талап етті. Бұл жерді оларға билік сатқан. (видео Настоящее время)​

- Арал теңізі және балықшы ауылына баяу болса да, қайта жан кіріп жатыр.Тұзды теңіз суын жазық даладағы егінді суғаруға пайдаланғаннан кейін, Арал тартылып, балықшы ауылы бос қалған. Бүгін Арал теңізінің жекелеген бөліктеріне қайта су келіп, балықтар да пайда болды. (видео Настоящее время)

- Алматыдағы жигулилер жарысы. 1978 жыл​. Видеода «1978 жылы Алматы ипподромында қысқы автомобиль жарыстарынан Қазақстан біріншілігі өткені, жарысқа республиканың түрлі қалаларының өкілдері қатысқаны» айтылған. Видео ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінен алынған. (видео)

- Ниагара сарқырамасы мұзға айналды. АҚШ пен Канада шекарасында болған қатты аяз салдарынан Ниагара сарқырамасында су қатып, алып мұз пайда болды. (фотокөрме)

- Курил аралдары және аяқталмаған соғыс. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғалы бері 70 жылдан астам уақыт өтсе де, төрт аралдың мәселесі әлі күнге дейін бейбітшілік бітімін жасаспаған Ресей мен Жапония арасындағы жер дауына айналған (фотокөрме)

- "Ұлым үш миллион теңгені автоматқа салып жіберді". Букмекерлік мекемелерге қарақшылық шабуыл көбейген. Құмар ойынға қызығатындар саны да азаймай тұр. Астанада өткен дөңгелек үстелге қатысқандар "құмар ойынмен күресу үшін заңға өзгертулер енгізу керек" дейді. (видео)

- "Әлімжеттік көрген оқушы кімнен көмек сұрарын білмейді". (видео)

- 223 млн теңге қайда жұмсалды?. Жастар жылының ашылу салтанатына 223 миллион теңге жұмсалды. Мұндай дерек мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланды. (видео)

- Жамила Стехликова: «Қазақ халқы демократияға дайын». Чехияның адам құқықтары және аз ұлттар жөніндегі экс-министрі, қазір оппозициялық Либералды-экологиялық партиясы төрағасының орынбасары Жамила Стехликова Азаттыққа сұхбат берді. (видео Қазақстан)

- Одри Әсел Бішкекке келді. АҚШ-та өскен қырғыз қызының өмірбаяны. 12 жастағы қырғыз қызы Одри Әселді 11 жыл бұрын асырап алған. (видео Настоящее время)​

- Дмитрий мен Матвейдің америкалық өмірі. Ресейде ЛГБТ-ға қарсы заң қабылданып жатқанда, Дмитрий мен Михаил Америкаға көшіп кеткен. Михаил экономист, Дмитрий – биология пәнінің мұғалімі, тамақ істеуді жақсы көреді. Қазір олар Миннесотта тұрып жатыр. (видео Настоящее время)

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! МЫҢДАҒАН АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕЖАЗБАНЫ КӨРУГЕ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР ҮШІН ЛОГОТИПСІЗ БЕЙНЕЖАЗБАЛАРДЫ КӨШІРУ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

XS
SM
MD
LG