Ссылки доступа

Қырғызстанда "Манас" эпосы мен Айтматов академиясы құрылды


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Манас және Шыңғыс Айтматов ұлттық академиясын құру туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Академия "Манас" эпосы мен қырғыз халқының жыр мәдениетін, Қырғызстан халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың көркем шығармаларын, гуманистік, философиялық-этикалық мұрасын тереңірек зерттеу, сақтау және тарату мақсатында құрылған.

Жээнбеков өткен жылы 12 желтоқсанда Бішкекте Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында "Манас" эпосы мен Айтматов академиясы құрылатынын хабарлаған.

"Манас" эпосы ЮНЕСКО ұйымының материалдық емес мәдени мұралар тізіміне, сонымен бірге әлемдегі ең көлемді эпос ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.

ЮНЕСКО мәліметі бойынша, Шыңғыс Айтматов қазіргі заманғы ең көп оқылатын авторлардың біріне жатады. Оның шығармалары әлемнің 176 тіліне аударылып, 128 елде 100 миллион данадан астам тиражбен тараған. Автордың шығармалары әлемнің көптеген елдерінде мектептер мен жоғары оқу орындарының бағдарламасына енгізілген.

XS
SM
MD
LG