"Әндіжан облысында азаптаулар, мазақ ету, зорлық-зомбылық арқылы жауап алу тоқтамай отыр. Сіздер противогазбен, тоқпақпен азаптау туралы өздеріңіз де естідіңіздер. Әндіжан облысының басшылығы тәжірибелі екенін көрсетті, әсіресе Собиров көзге түсті. Мен оны бұл облысқа бекер жібермедім. Мен сізге сендім, жолдас полковник. Мұндай азаптаулармен қайда барып тоқтайсыңдар? Прокурор қайда қарап отыр?" - деді Мирзияев.
"Тоқпақпен, противогазбен ойынау - өткен күннің белгілері Өзбекстанға қажет емес. Бүкіл әлем бізге қарап отыр, күнде Өзбекстан туралы мыңдаған мақала шығады. Тіпті Эфиопияның өзі Өзбекстан туралы жазады. Біздің әрбір қадамымыз бақылауда", - деді президент.