Ссылки доступа

Global Finance: Қазақстан мен Тәжікстан - Орталық Азиядағы ең қауіпсіз елдер


Global Finance халықаралық ұйымының рейтингінде Қазақстан мен Тәжікстан Орталық Азиядағы ең қауіпсіз елдер ретінде аталды.

Global Finance әлемдегі ең қауіпсіз ел деп Исландияны атады. Журнал сарапшылары Йемен мен Филиппинді ең қауіпті мемлекеттер деп көрсеткен.

Өткен жылы 29 шілдеде Тәжікстанның Хатлон облысына қарасты Даңгар ауданында республиканы велосипедпен аралап жүрген шетел туристеріне шабуыл жасалды. Төрт адам қаза тауып, екеуі ауыр жараланды.

Осы терактіге қарамастан, Global Finance журналы Орталық Азиядағы қауіпсіз екі елдің қатарына жатқызған.

Рейтингте Қазақстан 44-орында тұр, ал Тәжікстан 128 мемлекеттің ішінде 68-орында тұр.

XS
SM
MD
LG