Ссылки доступа

Қырғызстан "Кумтор" компаниясына суға ақы төлеткізеді


Месторождение Кумтор.
Месторождение Кумтор.

Қырғызстан су ресурстары туралы заңдарға өзгертулер енгізіп, "Кумтор Голд" компаниясына көлден алатын су үшін ақы төлеткізеді.

Осындай өзгерістерді қарастыратын заң жорбасын парламент екінші оқылымда талқылады. Депутаттар қырғыз суларын көрші республикалардың қолдануын, "Кумтор" кәсіпорынының өндірістік мақсатта суды пайдалануын ұзақ талқылады.

Үкімет су ақысын төлеу механизмі кейін анықталатынын мәлімдеді. Ақша мемлекет бюджетіне түседі. Кейбір компанияларға жеңілдіктер қарастырылуы мүмкін.

Қырғыз үкіметінің мәліметі бойынша, 2015 жылы "Кумтор Голд" өндірістік мақсатта Петров көлінен 5 млн 542 мың текшеметр су қолданған.

Қазір Қырғызстанда су тегін. Ақы суды жеткізу үшін ғана алынады. Заң қабылданған жағдайда, суды коммерциялық мақсатта қолданушылар оны жеткізгені үшін ғана емес, суға да ақы төлейді.

XS
SM
MD
LG