Ссылки доступа

Түркіменстан ғылымды қаржыландыруды тоқтатады


Түркіменстан елдің Ғылым академиясын қаржыландыруды тоқтататынын мәлімдеді. Қаражат экономиканы нығайтуға бағытталады. Ғылым академиясына мемлекеттен бөлінетін қаржы үш жыл көлемінде тоқтайды.

Елдегі 26 ғылыми-зерттеу институты және Мемлекеттік сейсмология қызметіне бюджеттен ақша бөлу тоқтатылады.

Түркіменстан Ғылым Академиясының құрамында Жоғары аттестациялық комиссия, 17 жоғары мектеп, 2 медициналық зерттеу орталығы, 1 кітапхана және 2 баспахана бар.

Түркімен Ғылым академиясы Сапармұрад Ниязов билігі кезінде - 1998 жылы жабылған. 2009 жылы маусымда президент Гурбангұлы Бердымұхаммедов академияны қалпына келтіру туралы жарлық қабылдады.

Түркіменстан ғылым академиясы 1951 жылы Ашхабадта құрылған.

XS
SM
MD
LG