Ссылки доступа

Қырғыз елшісі: Бішкек екінші ресейлік әскери базаның ашылуын теріске шығармайды


Қырғызстанның Ресейдегі елшісі Аликбек Жекшенкулов елінде Ресейдің тағы бір әскери базасының ашылуы мүмкіндігін айтқан. Бұл жөнінде ТАСС хабарлады.

«Әскери базаның ашылуы, не ашылмауы жөніндегі мәселені тікелей екі елдің басшылары және күш құрылымдары шешеді. Бұл мәселе наурыз айында өтетін екі ел басшыларының кездесуінде талқылануы мүмкін», - деді Жекшенкулов.

Бірақ ол Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдерге "Ислам мемлекеті" (ИМ) террористік тобының содырлары жіберіліп жатқаны жөнінде ақпарат түсіп жатқанын айтады. «Олардың Тәжікстаннан өтіп, әрі қарай біздің аумаққа бару қауіпі өсіп жатыр», - дейді ол.

Қырғызстанда Ресейдің бірнеше әскери базасы бар. Ең ірісі – Кант қаласындағы әуебаза. 2012 жылы барлық нысандар әскери-әуе базасына біріккен. Оған Канттағы әуе база, Ыстық көлдегі әскери-теңіз базасы, Майлуу-Суудағы сейсмологиялық бекет және Чалдовардағы әскери база.

2018 жылдың желтоқсан айында Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан үшін бір ресейлік база жетеді, екінші база ашу туралы әңгіме болған емес деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG