Ссылки доступа

Тәжікстанда қырғыз азаматтарымен некеге отыру көбейіп келеді


Былтыр Тәжікстанның 200-ден астам азаматы Қырғызстан азаматтарымен ресми некеге тұрған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 30 пайызға көп.

Тәжікстанның азаматтық хал актілерін жазу (АХАЖ) басқармасының өкілі Ифтихор Самадзода былтыр тәжікстандықтардың шетелдіктердің ішінде қырғыз азаматтарымен некеге тұру саны көбейгенін айтады. Одан кейін Өзбекстан, Ресей, Ауғанстан, Иран, Түркия, Қазақстан, Украина, Италия және т.б. елдің азаматтарымен шаңырақ көтерген.

АХАЖ-тағы дереккөздің хабарлауынша, тәжік-қырғыз отбасының 95-і Лахш ауданы (бұрынғы Жергетал ауданы) тұрғындары. Онда қырғыз диаспорасы көп орналасқан. «Олардың көбі тарихи отанына оралғысы келеді. Бұл тұрғыда қырғызстандықтармен некеге тұру жақсы мүмкіндік», - дейді ол.

​Былтыр 21 жастағы тәжік қызы Хамрозхон Қырғызстанға ұзатылды. Бішкек тұрғыны оған бір көргеннен ғашық болып қалған. Қазір олар Қырғызстанда тұрып жатыр. Бірақ Хамрозхонның күйеуі Исфардан заңға сәйкес, Тәжікстаннан үй салып жатыр.

2011 жылы Тәжікстан парламенті Отбасылық кодекске өзгерістер енгізген. Заңға сәйкес, Тәжікстан қыздарына үйленгісі келетін шетелдік жігіттер үш талапты орындауы керек. Бірінші, Тәжікстанда кемінде бір жыл тұруы шарт, үйленгенге дейін неке келісімін жасау керек, сонымен бірге жарын үймен қамтамасыз етуі қажет. Ал шетелдік қыздарға үйленгісі келетін тәжік жігіттеріне ешқандай шектеу жоқ.

Билік неке заңын қатайту ажырасқан жағдайда, тәжік азаматтарының құқығын қорғау деп біледі.

БҰҰ -ның нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитеті 2017 жылы аталған заңдағы шектеуді алып тастауға шақырған. Бұл заңдағы баптар адам құқығын өрескел бұзады деп есептейді.

XS
SM
MD
LG