Мекеменің ақпаратына сәйкес, қырғыз тарабы қыс мезгілінде маршрут кестесіне өзгерістер енгізген. Бұл халықаралық "Дархан-Бішкек" автобус рейсіне сәйкес келген. Дархан - Өзбекстанмен шекаралас қазақ ауылы. Осы Қазақстан мен Қырғызстан тасымалдаушылары арасындағы келіспеушілікке себеп болып отыр.
Осыған орай Қазақстан өз аумағы арқылы Бішкек-Ташкент бағытындағы автобустарды өткізуге тыйым салған. Қазіргі кезде келіссөздер әлі жалғасып жатыр.
Қырғызстан мен Өзбекстан былтыр мамыр айынан бері өзара жолаушылар автобусын іске қосқан.
Бішкек пен Ташкент арасы 601 километр. Автобустар жолда төрт шекаралық бекеттен өтеді: Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы "Чалдовар" және "Сыпатай Батыр" бекеттері мен Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы "Жібек жолы" және "Гишт куприк" бекеттері.