Мектептегі жоғарғы сынып оқушыларының телефондары тексеріледі. Сабаққа бірнеше адам кіріп, оқушылардан телефондарын партаға қоюды талап етеді.
"Олар телефондағы суреттер мен видеоларды тексереді. Оқушыларға телефондардан не іздеп жатқанын айтпайды", - деді Азатлык радиосының дереккөзі.
Ашхабадтағы мектептердің бірінде оқитын оқушы телефондағы сурет үшін жазаланған. Ол Франциядағы ереуілде түсірілген сурет үшін жазаланды.
"Бұл мектептегі тексеру 1 ақпанда жүргізілген. Оқушылардың бірінің телефонынан Франциядағы "сары жейделілер" суреті табылған. Оқушыны тергеген. Оның бетінен бірнеше мәрте шапалақпен ұрған", - деп хабарлады Азатлык тілшісі.
Ол оқушыға әрі қарай не болғаны белгісіз. Азатлык құзырлы органдардан жауап ала алмады.
Бұның алдында Түркіменстан студенттеріне қысқы демалыста мобильді телефондар мен интернет қолданбау туралы ескерткен.