Ссылки доступа

Ресей СІМ басшысы Лавров Путин сапарын дайындау үшін Бішкекке келді


Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров ресми сапармен Бішкекке келді. 4 ақпанда ол қырғыз президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Лавровтың айтуынша, ол Бішкекке Ресей президенті Владимир Путиннің мемлекеттік сапарын, сонымен бірге үкіметаралық комиссия жиналысын дайындау үшін келген.

"Біз бүгін Қырғызстан сыртқы істер министрімен бірге мемлекет басшылары тапсырмаларын орындау барысын талқыладық", - деді ол.

Жээнбеков Путиннің Қырғызстанға жасайтын сапарын "елеулі саяси оқиға" деп атады. Оның айтуынша, Ресей басшысының бұл сапары "стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың жоғары деңгейін" көрсетеді.

Бұған дейін хабарланғандай, Путиннің Қырғызстанға мемлекеттік сапары биыл наурыз айының соңында өтеді. Қырғызстан президенті аппаратының мәліметі бойынша, сапар барысында шамамен 15 құжат қабылданады.

XS
SM
MD
LG