Ссылки доступа

Өзбекстанда Көлік минстрлігі жаңадан құрылады


Президент Узбекистана Шавкат Мирзияев с Ачилбаем Раматовым (посередине) на вокзале в городе Хиве.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 28 қаңтардағы жарлығымен премьер-министрдің бірінші орынбасары Ачилбай Раматовты көлік министрі етіп тағайындады.

Президент үкіметке Көлік министрлігін құруды өткен жылы қараша айында тапсырған.

Үкіметтегі шенеуніктерінің бірінің айтуынша, осы уақытқа дейін Раматов мұндай министрліктің құрылуына қарсы болған.

Мирзияевтің жаңа министрлік құру туралы қаулыға қол қойған-қоймағаны әзірге белгісіз. Ресми баспасөзде бұл туралы ақпарат жарияланбады.

"Халық әлі күнге дейін пойыздарға немесе ұшақтарға онлайн-билет сатып ала алмайды. Билеттер кассаларда сатылады. Қолма-қол ақша жүрген жерде жемқорлық та болады. Адамдар билет таппайды. Ал салондар жартылай бос тұрады", - деді көлік логистикасымен айналысатын өзбек кәсіпкері.

XS
SM
MD
LG