Ссылки доступа

Мадуро Венесуэлаға әскер кіргізбеуін АҚШ-қа ескертті


Мадуро с российской снайперской винтовкой во время военных учений на территории Венесуэлы 14 января 2017
Мадуро с российской снайперской винтовкой во время военных учений на территории Венесуэлы 14 января 2017

Венесуэла президенті Николас Мадуроның мәлімдеуінше, АҚШ-тың Венесуэладағы саяси дағдарысқа әскермен араласуы Америка үшін "жаңа Вьетнамға" айналуы мүмкін.

"Бұның барлығы солтүстіктегі империя мен оның батыстағы одақтастарының ессіз әрі агрессивті әрекеттерінің қаншалықты болатынына айланысты", – деді ол laSexta испан телеарнасына берген сұхбатында. Мадуроның айтуынша, оның үкіметі Венесуэланың "ішкі ісіне ешкімнің араласқанын қаламайды". "Біз елімізді қорғауға дайынбыз" және "Венесуэланы бермейміз", – деді ол.

АҚШ Мадуро жүйесіне қарсы тұрудың бір жолы ретінде Венесуэлаға әскери интервенция жасау мүмкіндігін қарастырып отыр. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл туралы Си-би-эс телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеген.

"Бұл туралы айтқым келмейді, бірақ бұл жолын да қарастырып жатырмыз", - деді ол.

АҚШ президентінің айтуынша, бірнеше ай бұрын Мадуро кездесу туралы өтініш жасаған, бірақ ол ұсынысы орындалмаған. Бұл туралы The Hill басылымы хабарлады. Қаңтар айында АҚШ бастаған бірнеше мемлекет Ұлттық ассамблея төрағасы Хуан Гуайдоны Венесуэланың уақытша президенті деп таныды.

XS
SM
MD
LG