Ссылки доступа

Әндіжандық belly dance бишісі Дубаиды бағындырып, Болливудта киноға түсті (видео)


Әндіжандық биші әрі актриса Одина Умрзакова Болливудта киноға түскен бірінші өзбек актрисасы болды. Ол жақында Үндістанда түсірілген фильмнің басты кейіпкерін сомдады.

Шығыс биі belly dance бишісі өзбекстандық Одина Умрзакова соңғы 15 жылда Дубаида тұрып келеді. Қазір ол биімен БАӘ-ге ғана емес, Таяу Шығысқа да танымал.

Сахнада жартылай жалаңаш билейтін биші күнделікті өмірінде ешкім кедергі келтірмейтінін айтады. Ешқашан қоқан-лоқы көрмеген.

Одина сахнада тәнін көрсетіп билегенімен, күнделікті бес уақыт намаз оқимын дейді. Ол жеке концертімен БАӘ, Түркия, Италия және Англияны аралаған.

Одина Дубаида жүріп тұрмысқа шыққан. Оның күйеуі өзбек ұлтынан емес. Тұрып жатқан елдің жоғары лауазымды шенеунігі екен.

Ол таяуда ғана үнді фильмінде басты рөлді сомдапты. Оның айтуынша, Үндістанда өмір сүру ұнайды.

XS
SM
MD
LG