"Түркіменстан хроникасы" басылымының жазуынша, түркімен тарабы халықаралық қауіпсіздік талаптарын сақтауы шарт. Компанияның қандай талаптарды бұзғаны жөнінде айтылмаған.
Ұшақтардың тоқтауына байланысты Амритсардан Бирмингемге және Хитроуға және Нью-Делиден Хитроуға Ашхабад арқылы ұшатын рейстерге тыйым салынған.
Independent басылымының жазуынша, Үндістанда жүрген және түркімен әуе компаниясынан билеттер сатып алған бес мың адам зардап шегуі мүмкін. Мұнан бөлек басылым Ашхабад-Франкфурт және Ашхабад-Париж рейсі де тоқтатылды деп жазады.