Былтыр БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті 29 жылға бас бостандығынан айырылған кәсіпкер әрі оппозиционерді босатуды талап еткен.
«Біз БҰҰ комитетінің мәлімдемесімен келісе алмаймыз. Саидовтың айыптары сот кезінде толық дәлелденді», - дейді Шохиён. Жоғарғы сот төрағасы БҰҰ комитетінің хаты тек ұсыныс екенін айтып, оны Тәжікстан билігінің орындамауға құқығы бар деді.
Зайд Саидовтың ұлы Хайрулло халықаралық ұйымдар әкесінің ісін үш жыл бойы зерттегенін, биліктің оны заңсыз соттап отыр деген шешімге келгенін айтады.
Тәжікстанда Саидовтың ісінде саяси астар бар деп есептейді. Оны қамауға алғанға дейін, кәсіпкер "Жаңа Тәжікстан" деп аталатын партия құратынын мәлімдеген.
Танымал кәсіпкер әрі саясаткер 2013 жылдың мамыр айында Душанбе әуежайында ұсталған. Оған экономикалық қылмыстар жасады, бопсалады, алаяқтық іс-әрекеттерге барды деген айыптар таққан. Саидовқа сонымен бірге жасөспірім қызды зорлап, оған түсік жасатуға мәжбүрледі деген де айып тағылған. Саидов бұл айыптардың бәрінің саяси астары бар деп есептейді.
Зайд Саидов 2013 жылдың желтоқсан айында 26 жылға сотталды. Бір жарым жыл өткеннен кейін, оған қосымша іс қозғап, тағы үш жыл қосты. Оған Тәжікстанның өндіріс министрі болып тұрғанда, «Тәжікатлас» кәсіпорнын заңсыз жекешелендірді деген айып тағылған.