Ссылки доступа

Тәжік әншісі туған күнін өткізгені үшін 500 доллар айыппұл төлейді


Душанбе соты танымал тәжік әншісі Фируза Хафизоваға туған күніне бірнеше әріптестерін шақырғаны үшін, 5 мың сомониға (500 доллар) айыппұл салған. Бұл жөнінде мемлекеттік телеарналар хабарлады.

Туған күн шарасынан түсірілген видео интернетте жарияланып кеткен. Кейін оны мемлекеттік телеарналар да көрсеткен.

Тәжікстанның мерекелік шаралар мен салт-жоралғыларды өткізу жөніндегі заңның 8-бабына сәйкес, азаматтар туған күнді тек отбасы мүшелерімен ғана атап өтуі тиіс. Сонымен бірге туған күнде мал союға тыйым салынады.

Аталған заң 2007 жылы аста-төк тойларды өткізуге тыйым салыну үшін қабылданған. Тойға 150 адамнан артық адам шақыруға болмайды. Ол кемінде 3 сағатқа ғана созылып, 18.00-дан кейін тарқауы тиіс.

Аста-төк той өткізгендерге 3 мың доллар айыппұл қарастырылған. Егер бұл заңды шенеуніктер бұзса, бірден жұмыстан қуылады.

XS
SM
MD
LG