Ссылки доступа

Өзбекстан қырғыздың қымбат картобынан бас тартып, Пәкістанның арзан өнімін алды


Министр сельского хозяйства КР Нурбек Мурашев
Министр сельского хозяйства КР Нурбек Мурашев

Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы шаруалар шығынға батты, өйткені базарда картоп бағасы түсіп кетті. Олар қырғыз картобынан бас тартқан Өзбекстанды кінәлап отыр.

Ыстықкөл шаруалары Өзбекстан картоп сатып алады деген үмітпен өнімді көптеп өсірген. Бірақ өзбек тарапы оны сатып алудан бас тартқан соң, шаруалар шығынға батқан.

Өзбекстанның ресми өкілдері Қырғызстанмен картоп сатып алу туралы үкіметаралық келісім жасамағанын мәлімдеген. "Қырғызстан бұған қызығушылық танытқан, бірақ кәсіпкерлер Пәкістанның арзан өнімімен нарықты толтырған", - деді өзбек үкіметіндегі дереккөз.

Қазір Қырғызстандағы мыңдаған шаруа өнімдерін Өзбекстанға сатуға үгіттеген үкіметті кінәлап отыр. Көптеген шаруалар несие туырлап, шығынға ұшыраған. Картопты сақтайты қойма тапшылығынан өнімдер шіріп жатыр.

Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәселеге қатысты сауалдарға жауап беруден бас тартты.

XS
SM
MD
LG