Ссылки доступа

Қырғызстан АҚШ-тан экс-бас прокурордың немере ағасын экстрадициялауын сұрады


Қырғызстанның ішкі істер министрлігі Бас прокуратура арқылы Калыйбек Саляновты экстрадициялау туралы өтініш жолдады. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Мирлан Каниметов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Салянов студент Камила Дуйшебаеваның өліміне күдіктілерді бірі ретінде істі болған.

Каниметовтің мәлімдеуінше, Салянов АҚШ-та көші-қон заңдарын бұзғаны үшін ұсталған. Тексере келе оның Интерпол арқылы халықаралық іздеуде екені анықталған.

Еске салайық, 19 жастағы студент Камила Дуйшебаеваның азаптау іздері қалған денесі 2014 жылы наурызда Бішкек маңындағы Байтик ауылынан табылған. Тергеу 400 адамнан жауап алды.

Куәгер ретінде Калыйбек Саляновтан да жауап алынған, кейін оны күдікті ретінде атай бастады. Тергеуге кедергі келтіргені үшін істі болған Саляновқа ішкі істер министрлігі 2017 жылы іздеу жариялады.

Калыйбек Салянов бұрынғы бас прокурор Аида Салянованың немере ағасы болып келеді. Салянова бұл істің саяси астары барын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG