Ссылки доступа

Эмомали Рахмон: "Ресей Тәжікстанның сыртқы саясатында ерекше орын алады"


Сергей Лавров и Эмомали Рахмон. Фото с сайта президента РТ
Сергей Лавров и Эмомали Рахмон. Фото с сайта президента РТ

Тәжікстан-Ресей қарым-қатынасының дамуы елдің сыртқы саясатында ерекше маңызға ие деп мәлімдеді тәжік президенті Эмомали Рахмон. Ол 5 ақпанда Душанбеге екі күндік сапармен келген Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровпен кездесті.

Тәжікстан президенті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, тараптар екіжақты әріптестікке қатысты мәселелерді талқылаған. Саяси интеграция, аймақ қауіпсіздігі, терроризммен күрес, мемлекеттік шекараны қорғау, Ауғанстандағы жағдай, тәжік әскерін жетілдіру бағдарламасы сөз болған.

Эмомали Рахмон мен Сергей Лавров Тәжікстандағы орыс мектептеріне Ресейден мұғалім тарту мәселесін де талқылаған. Еңбек миграциясына да ерекше көңіл бөлінген. Рахмонның Ресейге сапары сөз болған, бірақ бұл сапардың қашан өтетіні белгісіз.

Сергей Лавров Душанбеде тәжік әріптесі Сироджиддин Мухриддинмен де келіссөздер жүргізген.

XS
SM
MD
LG