"Құрылысқа қатысты мәселелер талқыланып жатыр. Тәжікстан мен Қырғызстаннан ГЭС құрылысына қатысу туралы ұсыныстар түскен. Біз әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқпыз", - деді Мубаракшин.
Өзбекстан Рогун ГЭС-інің құрылысына қатысу мүмкін екендігі 2018 жылы наурызда Душанбеде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон кездесуінде айтылған.
Рогун ГЭС-інің құрылысы 2016 жылы қазан айында ресми түрде басталды. Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов бұл жобаға қарсы шыққан еді.
Өзбекстан Қырғызстандағы "Қамбарата-1" ГЭС-ін тұрғызуға да қатысқысы келеді. Бұл мәселе 2017 жылы екі ел басшыларының кездесуінде сөз болған.