Ссылки доступа

Прокуратура Трамптың инаугурация комитетінен құжаттар талап етті


Президент США Дональд Трамп прибывает на церемонию инаугурации у здания Капитолия 20 января 2017 года
Президент США Дональд Трамп прибывает на церемонию инаугурации у здания Капитолия 20 января 2017 года

Дүйсенбі күні Нью-Йорктегі Федералдық прокуратура Дональд Трамптың инаугурация комитетінен оның қызметіне қатысты көптеген құжаттарды талап етті. Бұл туралы америкалық ақпарат құралдары прокуратурадағы дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Комитет инаугурацияға кімдер ақша салғанын, кімдер шақырылғанын, бұл адамдар оның есесіне не алғанын білгісі келеді. Шетел азаматтарының ақша бөлуі де комитеттің назарына іліккен. Мұндай қайырымдылық заңсыз деп есептеледі.

Инаугурация комитеті дүйсенбі күні кешке прокуратурамен жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді.

Осы бағыттағы тергеу жүріп жатқанын алғаш рет Wall Street Journal газеті өткен жылы желтоқсанда хабарлаған. Федералдық прокуратура инаугурацияға 107 миллион доллар жұмсалғанын анықтаған.

Бұл қаражаттың бір бөлігі мақсатсыз жұмсалуы мүмкін, ал ақша бөлген кейбір донорлар Трамп әкімшілігімен байланыс орнатып, билік шешімдерінің өз мүдделері үшін қабылдануына ықпал жасауы ықтимал. Прокуратура осыны анықтауды көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG